Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 324 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
324-бап. Арыздың мазмұны

1. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы арызда спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға құныққан адамның өз отбасын ауыр материалдық жағдайда қалдыратынын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс. 

2. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызда өз әрекеттерінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан оның психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс. 

3. Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы арызда кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына анық ақылға сыйымсыз билік ететіні туралы куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
Статья 1 ...322 323 324 325 326 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 324-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ