Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 325 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
325-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды. 

Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иеленеді. Мұндай адвокаттың заң көмегі заңға сәйкес бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі. 

2. Азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы жеткілікті деректер болған кезде сот оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындайды.  

Өзін әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қозғалған адам сараптамадан өтуден анық жалтарған кезде сот психиатрдың қатысуымен сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберу туралы ұйғарым шығара алады. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның орналасқан жері туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа да туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті. 

Ескерту. 325-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...323 324 325 326 327 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 325-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ