Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 326 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
326-бап. Арызды қарау

1. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы арызды сот азаматтың өзінің, арыз берушінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды. 

Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қаралатын азамат, егер оның сот отырысына қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірмесе, сот отырысына шақырылуға тиіс. Адам өз ұстанымын өзі не өкілдері арқылы баяндауға құқылы.  

Егер адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша сот отырысына азаматтың өзінің қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірсе, іс оның тұратын жері бойынша сотта қаралады. Іс стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымда немесе психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық мекемеде азаматтың өзінің қатысуымен қаралуы мүмкін. 

2. Көрсетілген санаттағы істерді қарау кезінде арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады. Сот арыз берген адамның азаматтың әрекет қабілетін көрінеу негізсіз шектеу немесе одан айыру мақсаттарында теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтап, одан істі қарауға байланысты барлық сот шығындарын өндіріп алады. 

Ескерту. 326-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...324 325 326 327 328 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 326-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ