Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 328 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
328-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-бабының екінші тармағында, 27-бабының екінші тармағында көзделген жағдайларда сот азаматтың өзінің, оның отбасы мүшесінің, жақын туысының, қамқоршының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеудің күшін жою немесе одан айырудың күшін жою туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қамқоршылық күшін жояды. 

2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабының үшінші тармағында көзделген жағдайларда сот қорғаншының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, жақын туысының, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қорғаншылық күшін жояды. 

36-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ТОЛЫҒЫМЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІ
(ЭМАНСИПАЦИЯ) ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...326 327 328 329 330 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 328-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ