Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 332 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
332-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру

1. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган не ішкі істер органы, ал ерекше режимде ұстайтын арнаулы ұйымға ішкі істер органы баланың тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді. 

2. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызда мән-жайлар жазылуға және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғы туралы және кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулысы ұсынылуға тиіс.
Статья 1 ...330 331 332 333 334 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 332-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ