Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 336 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
336-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру мерзімі

1. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі. 

Сот шешімі шығарылғанға дейін азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарларға жол бермеу мақсатында ғана рұқсат етіледі. 

Психиатриялық ұйымның әкімшілігі соттың шешімінсіз мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайы бойынша азаматты психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді. 

2. Істі қозғай отырып, судья бір мезгілде азаматтың психиатриялық стационарда болу уақытын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады. 

Ескерту. 336-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...334 335 336 337 338 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 336-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ