Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 337 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
337-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

1. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам жатқызылған психиатриялық ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психиатриялық ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық жай-күйі оған психиатриялық ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына жеке өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке өзінің қатысуына құқығы бар. 

2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азамат өкілінің қатысуымен қаралады. 

Ескерту. 337-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...335 336 337 338 339 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 337-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ