Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 339 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
339-бап. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау

1. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін алты айдан астам ұзарту туралы арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйым психиатриялық ұйым орналасқан жердегі сотқа береді. 

2. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарылған психиатр-дәрігерлер комиссиясының ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытындысы қоса беріледі. 

3. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.

Статья 1 ...337 338 339 340 341 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 339-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ