Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 347 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
347-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау

1. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды судья арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін азаматтың қатысуымен сот отырысы залында не осы науқасқа медициналық (диспансерлік) бақылауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша қаралады. 

Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және прокурордың деректері бойынша адам аурудың таралу қатеріне байланысты айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жағдайда, іс адамның қатысуынсыз не бар болған кезде бейнеконференцбайланыс құралдары пайдаланыла отырып қаралуы мүмкін. 

3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады. 

Ескерту. 347-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...345 346 347 348 349 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 347-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ