Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
35-бап. Соттың құрамы

1. Соттың атынан әрекет ететін судья бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді жеке-дара қарайды және шешеді. 

2. Алып тасталды – ҚР 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-1. Осы Кодекстің 27-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша облыстық және оған теңестірілген сотта жеке-дара қарайды және шешеді. 

Осы Кодекстің 28-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жеке-дара қарайды және шешеді. 

4. Істерді апелляциялық сатыдағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының тақ санында (кемінде үш) жүргізеді, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады не судья осы Кодекстің 402-бабына сәйкес жеке-дара жүргізеді. 

5. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының тақ санында (кемінде үш) сот алқасы төрағасының не оның тапсыруы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен соттың алқалы құрамы жүргізеді. 

6. Кассациялық саты сотының қаулыларын қайта қарау бойынша істерді қарауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен тақ санды (кемінде жеті) судьялар алқалы құрамда жүргізеді. 

7. Нақты істі қарау үшін соттың құрамы оны қалыптастыруға сот талқылауының нәтижесіне мүдделі тұлғалардың ықпалын болдырмайтын тәртіппен судьялардың жүктемесі мен мамандануы ескеріле отырып, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып қалыптастырылады. 

8. Бір судья немесе сот құрамы қарауды бастаған істі сол судья немесе сот құрамы қарауға тиіс. 

Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сот арқылы банкроттық рәсімін, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, сот арқылы банкроттық рәсімі, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды. 

9. Судьяны немесе судьялардың біреуін ауыстыру: 

1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен мәлімделген және қанағаттандырылған судья өздігінен бас тартқан немесе қарсылық білдірген; 

2) ауруына, демалысына, оқуда болуына, қызметтік іссапарда болуына орай судья ұзақ уақыт болмаған; 

3) егер тараптар арасында медиация өткізу кезінде келісімге қол жеткізілмесе және тараптардың істі осы судьяның қарауына келісімі болмаған жағдайда мүмкін болады. 

10. Судьяны ауыстыру оның өкілеттіктері заңда белгіленген негіздер бойынша тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда да жүргізіледі. 

11. Судья істі қарау процесінде ауыстырылған жағдайда сот талқылауы басынан бастап жүргізілуге тиіс. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда процестік әрекеттерді өзара алмасу тәртібімен бір судьяның орнына басқа судьяның жасауы, оның ішінде талап қоюды немесе арызды қабылдауы және іс бойынша іс жүргізуді қозғауы, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарауы, сот талқылауын кейінге қалдыруы судьяны ауыстыру болып табылмайды. 

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться