Ст. 350 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
350-бап. Қайта құрылымдау туралы арыз беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңда көзделген негіз көрсетілуге тиісті қайта құрылымдау туралы арызға:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;
2) қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша жазбаша келісімі;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі мен мерзімі;
қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;
қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса беріледі.
Добавить комментарий к 350-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ