Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 354 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
354-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі

1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арызы бойынша мынадай: 

1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;  

2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;  

3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:  

қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға әкеп соқпайтынына жеткілікті негіздердің болуы;  

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;  

қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;  

қайта құрылымдау кезеңінде қолданылған уәкілетті органның нұсқамалары орындалмаған жағдайда, мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.  

Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру қайта құрылымдалған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша міндеттемелердiң, оларды орындаудың тоқтатылуына әкеп соғады. 

2. Сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арызын оны соттың іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

42-тарау. ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...352 353 354 355 356 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 354-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ