Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 356 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
356-бап. Арыз беру

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлғаның тұрғылықты жеріндегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа беріледі. 

2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа береді.  
3. Егер коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы мүлікті есепке алған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін арызбен сотқа жүгінсе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, сот жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды қайтарады. 
 

Статья 1 ...354 355 356 357 358 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 356-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ