Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық процестік кодексі

ҚР Азаматтық процестік кодексі
36-бап. Соттың алқалы құрамының мәселелерді шешу тәртібі



Ст. 36 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде туындайтын барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. 

2. Төрағалық етуші ұсыныстар енгізеді, өз пікірін айтады және соңғы болып дауыс береді. 

3. Көпшіліктің шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол мөр басылып жабылған конвертте іске қоса тіркеледі. Кассациялық сатыдағы сот осы істі қарау кезінде ерекше пікірмен танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысатын адамдарға хабарланбайды, ерекше пікір сот отырысы залында жария етілмейді.

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ