Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 366 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
366-бап. Шағымды қарау

1. Шағымды сот арыз берушінің, шағым жасалып отырған нотариаттық әрекетті жасаған немесе нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартқан нотариустың немесе нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамның қатысуымен қарайды. Алайда олардың келмеуі істі шешу үшін кедергі болмайды. 

2. Егер шағым беру кезінде немесе істі қарау кезінде мүдделі тұлғалар арасында жасалған нотариаттық әрекетке негізделген құқық туралы дау белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге және басқа да мүдделі тұлғаларға олардың дауды талап қою ісін жүргізу тәртібімен шешу құқығын түсіндіреді.

Статья 1 ...364 365 366 367 368 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 366-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ