Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 37 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
37-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол берілмейтіндігі

1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға және шешуге қатысқан судья осы істі бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда қайта қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешімнің күші жойылған жағдайда, істі жаңадан қарауға қатыса алмайды. 

2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық сатылардағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. 

3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья дәл осы істі бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі кассациялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. 

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ