Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 372 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
372-бап. Құжатты ұстаушыдан арыз келіп түскеннен кейінгі судьяның әрекеттері

1. Құжатты ұстаушыдан жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін арыз келіп түскен жағдайда сот құжатты жоғалтқан адамның арызын қараусыз қалдырады және құжатты берген адамға ол бойынша төлемдер жүргізуге және оны беруге тыйым салынатын мерзім белгілейді. Бұл мерзім екі айдан аспауға тиіс.  

2. Сонымен бір мезгілде сот арыз берушіге оның осы құжатты талап ету туралы құжатты ұстаушыға жалпы тәртіппен талап қою құқығын, ал құжатты ұстаушыға оның қабылданған тыйым салу шараларымен келтірілген залалдарды арыз берушіден өндіріп алу құқығын түсіндіреді.  

3. Соттың ұйғарымы апелляциялық тәртіппен шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. 

Ескерту. 372-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...370 371 372 373 374 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 372-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ