Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 400 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
400-бап. Сот қаулыларының көшірмелерін жіберу

1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы, қайтару туралы, қараусыз қалдыру туралы, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы сот ұйғарымдарының көшірмелері, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген ұйғарымдарына жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тағайындалған уәкілетті органға (бұдан әрі осы бапта – орталық орган), сондай-ақ осы бала туралы дауға байланысты іс, егер мұндай іс туралы ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуінде жатқан сотқа жіберіледі. 

2. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша осы Кодекстің 151-бабының екінші бөлігінде, 152-бабының екінші бөлігінде көзделген сот ұйғарымдарының көшірмелері тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей арыз берушіге табыс етіледі немесе өзіне жіберіледі.  

3. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша осы Кодекстің 271-бабында көзделген сот ұйғарымдарының көшірмелері іске қатысатын адамдарға, егер олар сот отырысына келмесе, тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі. 

4. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешімдерінің көшірмелері іске қатысатын, бірақ сот отырысында болмаған тұлғаларға және орталық органға түпкілікті нысанда сот шешімі қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі. Егер көрсетілген іс бойынша осы Кодекстің 236-бабына сәйкес қосымша шешім қабылданған болса, оның көшірмесі іске қатысатын адамдарға және орталық органға қосымша шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі. 

5. Егер баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешіміне шағым жасалмаса, апелляциялық шағым жасау мерзімі өткен соң заңды күшіне енген шешімнің көшірмесі орталық органға және осы бала туралы дауға байланысты іс бойынша, егер мұндай іс туралы шешім қабылдаған сотқа мәлім болса, іс жүргізуді тоқтата тұрған сотқа жіберіледі.  

6. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша апелляциялық ұйғарымның көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш күн мерзімде орталық органға және осы бала туралы дауға байланысты іс, егер мұндай іс бойынша ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуінде жатқан бірінші немесе екінші сатыдағы сотқа жіберіледі. 

7. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешімін түсіндіру туралы сот ұйғарымының көшірмесі іске қатысатын, бірақ сот отырысында болмаған тұлғаларға және орталық органға тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі. 

Ескерту. 400-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

52-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхаттар келтіруі


Ескерту. 52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...398 399 400 401 402 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться