Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық процестік кодексі

ҚР Азаматтық процестік кодексі
42-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қанағаттандырудың салдарлары



Ст. 42 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Істі аудандық немесе оған теңестірілген сотта жеке-дара қарап жатқан судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс жүргізуінде іс жатқан сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, іс жоғары тұрған сот арқылы бірінші сатыдағы басқа сотқа беріледі. 

2. Істі облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарау кезінде судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) не соттың бүкіл құрамына қарсылық білдірілген жағдайда істі сол сотта басқа судья немесе судьялардың басқа құрамы қарайды. 

3. Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тартулар немесе қарсылық білдірулер қанағаттандырылғаннан кейін осы істі қарау үшін жаңа сот құрамын құру мүмкін болмаса, іс қаралатын сотты анықтау үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс. 

5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР


Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 42-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ