Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 442 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
442-бап. Өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын қайтару

1. Өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы мынадай негiздер бойынша: 

1) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстiң 435-бабының 1-1-бөлігінің, 440, 441-баптарының талаптарына сәйкес келмесе;  

2) өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын осы Кодекстiң 435-бабына сәйкес заңды күшiне енген осы сот актiсiне дау айтуға, наразылық келтіруге құқығы жоқ адамдар берсе; 

3) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстiң 436-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе және оны қалпына келтiру үшін дәлелдi себептер болмаса;  

4) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса;  

5) өтінішхаттан бас тартуға байланысты кассациялық сатыдағы сотта іс бойынша кассациялық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда; 

6) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы кассациялық сатыдағы сотқа осы Кодексте белгіленген шағым жасау тәртібі бұзыла отырып берiлсе; 

7) процестің осы қатысушысының өтінішхаты бойынша кассациялық сатыдағы соттың сот отырысында қарау үшін өтінішхатты іспен бірге беруден бас тарту туралы қаулы болса; 

8) сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілмесе, оларды берген адамдарға қайтарылуға жатады. 

2. Өтінішхатты немесе наразылықты осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтару туралы тиісінше кассациялық сатыдағы сот не алдын ала қарау кезінде қатысатын судья қаулы шығарады. Қалған жағдайларда өтінішхаттар үш жұмыс күні ішінде хатпен қайтарылады.  

3. Өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған жағдайда, олар осы Кодекстің 435-бабының үшінші бөлігінде көзделген өтінішхаттан бас тарту жағдайларынан басқа, жалпы негiздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін. 

4. Прокурор кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты өтініш беруші сот актісін тікелей кассациялық сатыдағы сотта кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беруі үшін, егер ол осы құқықты іске асырмаса, осы Кодекстің 112-бабының бірінші бөлігінде санамаланған адамдар осы Кодекстің 441-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайлардан басқа, оған қайтаруға құқылы. 

Ескерту. 442-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...440 441 442 443 444 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться