Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 464 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру

1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелік талқылау тараптары, іске қатысуға тартылмаған, бiрақ төрелік заңда көзделген негiздер бойынша құқықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар төрелік шешімді алған күннен бастап бір ай iшiнде бере алады. 

2. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат: 

1) егер төрелік шешім Қазақстан Республикасының аумағында қабылданса, төрелік дауды қараған жер бойынша;  

2) егер төрелік шешім шет мемлекетте Қазақстан Республикасының заңы бойынша қабылданса, тұрақты жұмыс істейтін төреліктің орналасқан жері бойынша;  

3) егер төрелік шешім шет мемлекетте Қазақстан Республикасының заңы бойынша қабылданса, Қазақстан Республикасында төреліктің құрылған жері бойынша Қазақстан Республикасының тиісті апелляциялық сатыдағы сотына беріледі. 

3. Егер шешімнің күшін жою үшін осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өтіп кетсе және осы Кодекске сәйкес оны қалпына келтіру үшін негіздер болмаса, судья өтінішхатты қайтарады. 

Ескерту. 464-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...462 463 464 465 466 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться