Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 47 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
47-бап. Тараптар

1. Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. 

Өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. 

Өздеріне талап қою берілген азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. 

2. Заңда көзделген жағдайларда, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін. 

3. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша өз мүддесінде іс басталған тұлғаға сот туындаған процесс туралы хабарлайды және ол оған талап қоюшы ретінде қатысады. 

4. Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін. 

5. Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және олардың бірдей процестік міндеттері болады.
Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ