Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
53-бап. Процестік құқық мирасқорлығы



Ст. 53 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапты басқаға беру, борышты аудару және даулы материалдық құқықтық қатынастардағы тұлғалардың басқа да ауысу жағдайлары) сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыруға жол береді. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. 

2. Құқық мирасқоры процеске кіріскенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқорын ауыстырған тұлға үшін қаншалықты міндетті болса, құқық мирасқоры үшін сондай шамада міндетті болады. 

3. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда істі қарау кезінде тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тоқтатыла тұрады. 

4. Кассациялық сатыдағы сотта сот актілерін қайта қарау сатысында тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, шығып қалған тараптың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаты қараусыз қалдырылады. Құқық мирасқоры өтінішхатты қайта беруі мүмкін. 

Прокурордың бастамасы бойынша наразылық келтіру жағдайларынан басқа, егер наразылық шығып қалған тараптың, іске қатысатын басқа да тұлғаның өтінішхаты бойынша келтірілсе, ол қараусыз қалдыруға жатады. 

5. Құқық мирасқорының, прокурордың сот актілеріне шағым жасауға, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттарын кассациялық сатыдағы сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ