Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 61 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
61-бап. Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу

1. Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. 

Сенімхат сотқа жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі. 

2. Кәсіптік одақтар мен басқа да ұйымдардың уәкілетті өкілдері осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларына сәйкес осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды сотқа беруге тиіс. 

3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады. 

Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады. 

4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де тұлға береді. 

5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдердің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына сенім білдірушінің жеке өзі қатысқан жағдайда, оның сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжат ұсынады. 

6. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген істер бойынша өкіл қосымша түрде өзі жұмыскері болып табылатын заңды тұлға мен өзі мүддесін білдіретін заңды тұлға сол бір тұлғаның бақылауында (тікелей немесе жанама) екенін растайтын құжаттарды ұсынады. 

Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться