Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 62 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
62-бап. Заңды өкілдер

1. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады. 

2. Хабарсыз кетті деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде әрекет етеді. 

3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде әрекет етеді. 

4. Заңды өкілдер өкілдік берушілерге жасау құқығы тиесілі барлық процестік әрекеттерді заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады. 

Кәмелетке толмағанның, сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қорғаншылыққа алынған адамның мүлкі олардың нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді жасайды. 

Кәмелетке толмағанның, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша әрекет қабілеті шектеулі тұлға процестік әрекеттерді жасайды және процестік міндеттерді өз бетінше атқарады. 

5. Заңды өкілдер және тапсырма бойынша өкілдер процестік әрекеттерді өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан жасауға құқылы емес. 

7-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться