Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 65 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
65-бап. Дәлелдемелердің жарамдылығы

1. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды. 

2. Аудио-, бейнежазбалар, оның ішінде байқау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынғандар, фото және (немесе) киноға түсіру матералдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін. 

3. Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мән-жайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес.
Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ