Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
74-бап. Сот тапсырмалары



Ст. 74 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Істі қарайтын сот іске қатысатын адамның басқа қаладағы немесе аудандағы дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, тиісті сотқа белгілі бір процестік әрекеттерді жүргізуді тапсырады. 

2. Істі қарайтын сот іске қатысатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарты бар басқа мемлекеттегі дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхаттарын қанағаттандырған жағдайда, осы шарттың ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді. 

3. Сот тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша жазылады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті. Сот тапсырмасы туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.

Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 74-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ