Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi
78-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар



Ст. 78 ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Іс бойынша дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар, сондай-ақ сарапшы және маман өздерінің осы Кодексте көзделген процестік міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.

2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маманды шақыруы мүмкін.

3. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға, егер ол:

1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;

2) ғылыми негізделген болса;

3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;

4) қауіпсіз болса, жол беріледі деп танылады.

4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын пайдаланудың нәтижелері, мұндай пайдалануға заңда жол берілген және (немесе) бұл дәлелдемелер өздеріне қарсы бағытталған тарап оларды мойындаған және дау айтпаған жағдайларды қоспағанда, азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелер ретінде пайдаланылмайды.

5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынатын анықтамамен немесе тиісті процестік әрекеттің хаттамасымен не сот отырысының хаттамасымен тіркеп қойылады. Анықтамада немесе хаттамада ғылыми-техникалық құралдардың атауы, оларды қолданудың шарттары мен тәртібі, осы құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдалану нәтижелері көрсетіледі.

6. Ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен алынған құжаттар мен басқа да материалдарды зерттеу, сақтау және оларға иелік ету осы Кодекстің 96 және 98-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 78-бап ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ