Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
90-бап. Қосымша және қайталама сараптама



Ст. 90 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Қосымша сараптама қорытындының анықтығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде тағайындалады. 

2. Қосымша сараптама жүргізу нақ сол немесе өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін. 

3. Егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаса не оның түйіндері күмән туғызса не сараптама жүргізудің тәртібі мен әдістемесі елеулі түрде бұзылса, дәл сол объектілерді зерттеу және бұрын қойылған сұрақтарға жауаптар алу үшін қайталама сараптама тағайындалады. 

4. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеу уәждері келтірілуге тиіс. 

5. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізген кезде оған қатысып, комиссияға түсініктер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. 

6. Қосымша және қайталама сараптамаларды жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуге тиіс. 

7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама, олардың біреуі – қосымша сараптамаға, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.

Статья 1 ...88 89 90 91 92 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 90-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ