Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi
94-бап. Сарапшыдан жауап алу



Ст. 94 ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Сарапшыдан жауап алу, егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын болмаса, толықтыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтін олқылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нақтылау қажет болса, оның қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

2. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық,  сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған, оның қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себебі бойынша жауап алынбайды.

3. Өтінішхаты бойынша сараптама тағайындалған тарап сарапшыдан бірінші болып жауап алады. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып талап қоюшы, содан кейін жауапкер сұрақтар қояды. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.

Статья 1 ...92 93 94 95 96 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 94-бап ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ