Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi
96-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарап-тексеру



Ст. 96 ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ




1. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізімдеме бойынша соттың заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына тапсырылады. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шаралар қолданады.

2. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе істі сотта талқылау барысында қарап-тексеруге тиіс. Қарап-тексеру кезінде заттардың сыртқы түрі, қасиеттері және жай-күйі жеке процестік әрекет хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында тіркелуге жатады, ал қажет болған жағдайда бұл заттар фотосуретке, бейнежазбаға түсірілуі және мөрмен бекітілуі мүмкін.

3. Сот заттай дәлелдемелерді іске қатысатын адамдардың және қажет болған кезде сарапшылардың қатысуымен қарап-тексереді. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру хаттамасы іске қоса тіркеледі.

4. Заттай дәлелдемелерді сақтау бойынша шығыстар осы Кодекстің 109-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.


Статья 1 ...94 95 96 97 98 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 96-бап ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ