Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 97 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
97-бап. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру

1. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру туралы өтінішхат берілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды қарап-тексереді және зерттейді, одан кейін оларды қарап-тексеру үшін ұсынған адамға қайтарады. 

2. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысатын адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарап-тексеру кезінде келе алса, хабардар етіледі. Іске қатысатын хабардар етілген адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру мен зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап-тексеру және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі. 

3. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және оның нәтижелерін тіркеу осы Кодекстің 96-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Статья 1 ...95 96 97 98 99 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 97-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ