Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 116 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
116-бап. Көмірсутектерді барлау кезеңі

1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ең көп ұзақтығы қатарынан келетін алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын сынап пайдалануды қоса алғанда, оларды іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы. 

Құзыретті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін аукцион өткізу туралы хабархатта не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді. 

2. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы он сегіз жылды құрайды және мыналарды: 

1) барлаудың тоғыз жылға тең бастапқы кезеңін; 

2) алты жылға тең бағалау кезеңін; 

3) үш жылға тең сынап пайдалану кезеңін қамтиды.  

Барлаудың бастапқы кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалануды қоса алғанда, іздестіру және бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.  

Бағалау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде сынап пайдалануды қоса алғанда, табылған кенжатынды (кен орнын) бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.  

Сынап пайдалану кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалану бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.  

Бағалау кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс. 

Егер жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі бағалау кезеңін және сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен ғана тұрады. 

Сынап пайдалану кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы бағалау кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс. 

Егер жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен, сондай-ақ бағалау кезеңінен тұрады. 

3. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі: 

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы; 

2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, оның (олардың) шегінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары орналасқан блоктардан тұратын барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыру; 

3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалау жүргізу жоспарланатын кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары көрсетіле отырып, жер қойнауы учаскесі шегінде көмірсутектер кенжатынының (кенжатындар жиынтығының) табылғаны туралы осы Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берген қорытындысы. 

4. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі: 

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы; 

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеп. 

5. Бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтініш жиырма жұмыс күні ішінде қаралады. Оны қарау нәтижелері бойынша бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту үшін бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарау туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының бағалау кезеңінде немесе сынап пайдалану кезеңінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндеттемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыруға қол қояды. 

Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өтуден мынадай жағдайларда: 

1) осы баптың 3 (бағалау кезеңіне өту кезінде) немесе 4-тармағында (сынап пайдалану кезеңіне өту кезінде) көзделген құжаттар ұсынылмаса; 

2) өтініш белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе, бас тартады. 

6. Күрделі жоба бойынша жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту кезінде жер қойнауы учаскесінен барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады. 

7. Егер күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде ұңғыманы бұрғылау нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуы расталатын болса, мұндай келісімшарт бойынша барлау кезеңінің ұзақтығы барлаудың іс жүзіндегі мерзімі шегеріле отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша белгіленеді. Бұл ретте келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес өзгертілуге жатады. 

Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға мынадай құжаттармен қоса беріледі: 

1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жаңа редакцияда жазуды көздейтін келісімшартқа толықтыру жобасы; 

2) жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуын растайтын, осы Кодекстің 36-бабының 1-3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі. 

8. Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызудан және келісімшарт талаптарын өзгертуден бас тартады. 

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңінің ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды. 

9. Барлау кезеңі көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі. 

10. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда, барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. 

11. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғанға дейін осы Кодекстің 119-бабы 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілмесе және осы Кодекстің 119-бабының 18-4-тармағына сәйкес келісімшартқа толықтыру жасалмаса, келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...114 115 116 117 118 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться