Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 118 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
118-бап. Дайындық кезеңі

1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін және өндіру кезеңі бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуге жол беріледі.  

Күрделі жобаларға жатпайтын көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша оларды жасасу кезінде өндіру учаскесі және дайындық кезеңі бекітіледі. 

2. Жер қойнауын пайдаланушы дайындық кезеңі ішінде: 

1) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын әзірлеу жобасының сараптамасын әзірлеуге, бекітуге және жүргізуге; 

2) қажет болған кезде – көмірсутегі кен орнын жайластыруды; 

3) кен орнын әзірлеудің бекітілген жобасы негізінде мұндай кен орнын сынап пайдалану кезіндегі өндірудің жобалық орташа тәуліктік көлемінен аспайтын деңгейде көмірсутектер өндіруді, ұңғымаларды бұрғылауды, консервациядан шығаруды, объектілерді сынақтан өткізу мен сынауды жүзеге асыруға құқылы. 

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы, өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынатын немесе осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті. 

3. Дайындық кезеңінің ұзақтығы осы Кодекстің 119-бабының 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің барынша ұзақтығы тиісінше қысқартылып үш жылдан аспайтын уақытты құрайды.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша дайындық кезеңін жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште өзі дербес айқындайды, ал көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша құзыретті орган аукцион өткізу туралы хабарламада не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді. 

4. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алуы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітудің міндетті шарты болып табылады.  

5. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді. 

Егер құзыретті органның өтінішті қарауы кезеңінде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі аяқталса, онда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт өтінішті қарау кезеңінде осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты қолданылуын жалғастырады.  

6. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште: 

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы; 

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні; 

3) өндіру учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау; 

4) дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.  

7. Өтінішке қосымша: 

1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуді көздейтін және осы Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру; 

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп қоса беріледі. 

8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.  

9. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай бекітуден бас тартады.  

10. Құзыретті орган: 

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; 

2) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартады.  

Құзыретті органның өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.  

11. Құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.  

12. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде дайындық кезеңі аяқталған кезде өндіру кезеңі бекітілмеген жағдайда, мұндай келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.  

Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...116 117 118 119 120 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться