Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 126 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.  

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді. 

2. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою: 

1) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде; 

2) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде); 

3) осы Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесі қайтарылған жағдайда, жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі. 

3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесін қайтаратыны туралы мәлімдеген жер қойнауын пайдаланушы: 

1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған немесе жер қойнауының барлық учаскесінен бас тарту туралы өтініш берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасының сараптамаларын бекітуге және жүргізу үшін ұсынуға; 

2) жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімде аяқтауға міндетті. 

4. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою: 

1) жер қойнауын пайдаланушы (тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға); 

2) құзыретті органның өкілі; 

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері; 

4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жоюды жүргізген жағдайда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы жою актісіне қол қойған күннен бастап аяқталған болып есептеледі. 

5. Егер жою актісіне қол қойылғаннан кейін тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға жою жобасын бұза отырып, жою жөніндегі жұмыстарды орындағаны не ол жойған (консервациялаған) ұңғыма сағасының бітеулігінің бұзылғандығы анықталған жағдайда, онда құзыретті орган мұндай тұлғаны анықталған бұзушылық, сондай-ақ оның мұндай бұзушылықты белгіленген мерзімде өз есебінен жоюға міндетті екендігі туралы жазбаша хабардар етеді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жаңа жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауы учаскелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларға қолданылмайды. 

6. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы банктік салым кепілімен қамтамасыз етіледі. 

Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы осы Кодекстің 55-бабының 4-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі. 

6-1. Күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауын қамтамасыз ету тәсілі ретінде шетелдік банктің кепілдігі берілген жағдайда, мұндай банктің Standard and Poor's рейтингтік агенттігінің "BBB-"-тен төмен емес немесе Moody's, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейдегі ең төменгі кредиттік рейтингі болуға тиіс.  

Күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауын қамтамасыз ету тәсілі ретінде қазақстандық банктің кепілдігі берілген жағдайда, мұндай банктің Standard and Poor's рейтингтік агенттігінің "BB-"-тен төмен емес немесе Moody's, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейдегі ең төменгі кредиттік рейтингі болуға тиіс. 

6-2. Шетелдік банк берген кепілдік қазақ және орыс тілдеріне аудармасын жер қойнауын пайдаланушының міндетті түрде ұсынуы арқылы шет тілінде жасалуы мүмкін, аударманың дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс. 

6-3. Күрделі жоба бойынша келісімшарт бойынша шетелдік банк берген кепілдік құзыретті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалмауы мүмкін. 

Күрделі жоба бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шетелдік банк үлгілік нысансыз берген кепілдік мынадай шарттарды қамтуға тиіс:  

1) банк кепілдігі осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесі ретінде айқындалған барлық ақшалай соманы жабады; 

2) банк кепілдігі толық, шартсыз және кері қайтарып алынбайтын кепілдік болып табылады; 

3) банк кепілдігі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою аяқталғанға дейінгі мерзімге беріледі. 

Шетелдік банк кепілдігінің осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі күрделі жоба бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қамтамасыз ету ретінде осындай кепілдікті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

6-4. Банк болып табылмайтын кез келген заңды тұлға күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдіктер бойынша кепілгер бола алады, мұндай кепілгердің Standard and Poor's рейтингтік агенттігінің "BBB"-ден төмен емес немесе Moody's, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейдегі ең төменгі кредиттік рейтингі болуға тиіс. 

Егер мұндай кепілгер шетелдік заңды тұлға болса, онда кепілдік қазақ және орыс тілдеріне аудармасы міндетті түрде ұсыныла отырып, ағылшын тілінде жасалуы мүмкін, аударманың дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс. Шетелдік заңды тұлға берген кепілдікті оның берілген жері бойынша нотариат куәландыруға тиіс. 

Осы тармақтың талаптары көмірсутектер саласындағы ұлттық компания беретін кепілдікке қатысты қолданылмайды. 

7. Барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады. 

Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін толықтыруды не сынамалап пайдалану жобасын бекіткен жағдайда, таңдап алынған қамтамасыз ету тәсілінің тиісті қосымша сомасы осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс. 

Күрделі жобалар бойынша барлау кезеңіне берілген, барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету келесі басталған күндердің неғұрлым ерте күнінде қолданысын тоқтатады: 

1) барлау салдарын жою аяқталған күн; 

2) көмірсутектер кен орнын әзірлеу жобасы бекітілген күн. 

Күрделі жоба бойынша өндіру кезеңіне өткеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі басталған күннен бастап алты ай ішінде, барлау кезеңін жою жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес қамтамасыз етудің жаңа тәсілін ұсынады. Талап етілетін қамтамасыз ету көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт осы Кодекстің 133-бабында көзделген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

8. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін, кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым кен орындарын игеру жобасында көмірсутектерді өндірудің жоспарланған көлеміне пропорционалды айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады. 

9. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде кен орнын әзірлеу жобасында айқындалады және әзірлеуді талдау шеңберінде үш жылда кемінде бір рет түзетілуге жатады. 

Қамтамасыз ету ұлттық валютада немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валютасында ұсынылады. 

Түзету нәтижелері бойынша не көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу процесінде қамтамасыз ету сомасы көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құнына не жер қойнауы учаскесінде іс жүзінде орындалған жою жұмыстарының құнына сәйкес нақтыланады. 

10. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарттың шарттары бойынша қалыптастырылған, кепілге қойылған банктік салым бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады. 

11. Осы Кодекстің 128-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ұңғымаларды жою көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жатпайды. 

Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...124 125 126 127 128 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться