Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 141 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
141-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы

1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы жер қойнауын ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасау, көмірсутектердің геологиялық қорларын мемлекеттік есепке алу, сондай-ақ көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анықтығын бағалау мақсатында жүргізіледі. 

2. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейтін және жер қойнауын пайдаланушы бекітетін, геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есептің талдауын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

141-баптың 3-тармағының осы редакциясы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 27.12.2017 № 125-VI Кодексімен (тоқтатыла тұру кезеңіндегі редакцияны осы Кодекстің 277-бабының 6-т. қараңыз).

3. Геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есеп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жасалады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

141-баптың 4-тармағының осы редакциясы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 27.12.2017 № 125-VI Кодексімен (тоқтатыла тұру кезеңіндегі редакцияны осы Кодекстің 277-бабының 6-т. қараңыз).

4. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутек қорлары жөніндегі орталық комиссиясы (қорлар жөніндегі орталық комиссия) геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімдері бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

141-баптың 5-тармағының осы редакциясы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 27.12.2017 № 125-VI Кодексімен (тоқтатыла тұру кезеңіндегі редакцияны осы Кодекстің 277-бабының 6-т. қараңыз).

5. Қорлар жөніндегі орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.  

6. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жүргізіледі.  

Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізу мерзімі қорлар жөніндегі орталық комиссияның шешімі бойынша, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін. 

7. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. 

8. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар:  

1) көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларына жүргізілген есептеудің (жедел есептеудің) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 

2) көмірсутектердің геологиялық қорларының саны және сапасы туралы ақпараттың анық болмауы; 

3) ұсынылған деректер негізінде көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы негіз болып табылады. 

Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығарудың негіздемесі және есепті пысықтау бойынша ұсынымдар беріледі.  

9. Сараптамалық қорытынды қорлар жөніндегі орталық комиссия төрағасы және оның мүшелері қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.  

10. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларын мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.
Статья 1 ...139 140 141 142 143 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться