Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 142 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
142-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингтеу

1. Жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды талап етпейтін жобалау көрсеткіштерін түзету жобалау ұйымының авторлық қадағалау жүргізуі шеңберінде жүзеге асырылады. 

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда жобалау көрсеткіштерін түзету талап етілетін жағдайлар белгіленеді. 

Жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау жөніндегі есеп базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатпайды және оны жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасау тәртібімен электрондық түрде жібереді. 

2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын әзірлеу жобасын орындауын мониторингтеу:  

1) авторлық қадағалау; 

2) кемінде үш жылда бір рет орындалатын көмірсутектер кен орнының әзірленуіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

3. Авторлық қадағалау және көмірсутектер кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді. 

4. Авторлық қадағалау кезінде кен орнын игеруді бақылау арқылы алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал қадағалаудың нәтижелері есеп түрінде баяндалады.  

5. Авторлық қадағалау жөніндегі есепте: 

1) нақты қол жеткізілген технологиялық өлшемдер мәндерінің жобалау мәндеріне сәйкес келуі; 

2) нақты және жобалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың және (немесе) жобалық шешімдердің орындалмау себептері; 

3) барлау жұмыстарының жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу және барлау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар; 

4) сынамалап пайдалану жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу және сынамалап пайдалану жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар; 

5) кен орнын игеру жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу және игеру жүйесін меңгеруде анықталған кемшіліктерді жою бойынша және (немесе) жекелеген жобалық шешімдерді және кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштерін өзгерту қажеттілігін айқындау үшін әзірлеуге кезектен тыс талдау жүргізу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.  

Авторлық қадағалау жүргізу кезінде жер пайдаланушы бұрын тартқан жобалау ұйымын өзгеге алмастыру қажет болған жағдайда, мұндай алмастыруға жобалау құжаты авторының келісуімен жол беріледі. 

6. Кен орнын әзірлеуді талдау пайдалану объектісін әзірлеу процесінде ұңғымалар мен қабаттарға жүргізілген геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ өнімді қабаттарда өтетін көмірсутектер қорларының ағымдағы орналасуы әзірлеу көрсеткіштерінің серпінін және процестерді кен орнын игерудің жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау нысанына кешенді түрде зерттеуді білдіреді.  

7. Көмірсутектер кен орнын әзірлеуді талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және оны жер қойнауын пайдаланушы хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді. 

8. Кен орнын әзірлеудің нақты және жобалау көрсеткіштері арасында елеулі (он пайыздан астам) айырмашылықтар болған жағдайда, кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы көмірсутектер кен орнын әзірлеу нәтижелері бойынша талдау нәтижелерінің негізделген тұжырымы болған кезде жобалау құжаттарын талдау нәтижелері мемлекеттік сараптамаға жатады. 

9. Орталық комиссия көмірсутектер кен орындарын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды шығарған жағдайда осындай талдаудың жобалық шешімдері мен көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеудің, бекіту мен оларды мемлекеттік сараптамадан өткізудің үш жылдан аспайтын кезеңіне кен орнын әзірлеу жобасының жобалау шешімдері мен көрсеткіштері ретінде бағаланады.  

Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

143-баптың осы редакциясы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 27.12.2017 № 125-VI Кодексімен (тоқтатыла тұру кезеңіндегі редакцияны осы Кодекстің 277-бабының 12-тармақтың 3) тармақшасынан қараңыз).
Статья 1 ...140 141 142 143 144 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться