Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 181 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
181-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіруге арналған келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы

1. Жер қойнауын пайдаланушыға уран өндіруге арналған келісімшартта көзделген міндеттемелерін бұзғаны үшін жауаптылықтың мынадай түрлері көзделеді: 

1) жер қойнауын пайдаланушының уран өндіруге арналған келісімшартта белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мөлшерде төлейтін тұрақсыздық айыбы; 

2) құзыретті орган осы Кодекстің 163-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылатын, уран өндіруге арналған келісімшарттың қолданылуын бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуы. 

Бұл ретте тұрақсыздық айыбын төлеу жер қойнауын пайдаланушыны тиісті міндеттемелерін орындаудан босатпайды. 

2. Құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді, сондай-ақ оның белгіленген мерзімде тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) осындай бұзушылықты жою жөніндегі міндеттерін мынадай: 

1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану келісімшартында белгіленген қаржылық міндеттемелерді есептілік жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған; 

2) қамтамасыз ету мөлшерін қалыптастырудың белгіленген графигіне сәйкес қамтамасыз етуді ұсынбай не графикті бұза отырып, жер үсті тұтастығын бұзумен байланысты уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізген; 

3) жер қойнауын пайдаланушының уран өндіруге арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерін бұзған өзге де жағдайларда хабардар етеді. 

3. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер бойынша – үш айдан, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген өзге де міндеттемелер бойынша бір айдан аспауға тиіс.  

4. Жер қойнауын пайдаланушы жол берілген бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және бұл туралы жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құзыретті органға жазбаша хабарлауға міндетті. 

5. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға осындай ұзартудың себептерін негіздей отырып, уран өндіруге арналған келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзушылықты жою мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Құзыретті орган жол берілген бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісім беретіндігі туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын ұсынады. 

6. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мерзімде уран өндіруге арналған келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзушылықты жою анық мүмкін болмаған жағдайда құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы. 

26-ТАРАУ. УРАН ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАРЫ

Статья 1 ...179 180 181 182 182‑1 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться