Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 219 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
219-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету

1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға осындай операциялар салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға берген жағдайда кірісуге құқылы. 

2. Өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай шарттар сақтала отырып, осы Кодексте көзделген оның кез келген түрлері үйлестіріліп берілуі мүмкін: өндіруге арналған лицензияның үштен бір мерзімі ішінде – банк кепілдігі немесе банктік салым кепілі түрінде қамтамасыз ету жалпы қамтамасыз ету сомасының кемінде қырық пайызын, үштен екі мерзімі ішінде – кемінде алпыс пайызын және қалған кезеңде жүз пайызын құрауға тиіс. 

Егер жоюды жүргізу екі және одан көп жер қойнауы учаскесі үшін осы Кодекстің 217-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасалған жою жоспары бойынша жүзеге асыру жоспарланса, жер қойнауын пайдаланушы осы учаскелерде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын ортақ қамтамасыз етуді беруге құқылы. 

3. Қамтамасыз ету сомасы өндіру жөніндегі операциялардың және жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындылары алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың жалпы есептік құнын жабуға тиіс. 

Қамтамасыз ету сомасы жою жөніндегі жұмыстар жоспарында көзделген сметаға сәйкес түпкілікті қайта есептеуге жатады. 

Жою жөніндегі жұмыстардың құнына әкімшілік және басқарушылық шығыстар, сондай-ақ: 

учаске (учаскелер) аумағында орналасқан технологиялық жабдықты, ғимараттарды және құрылысжайларды демонтаждауға және әкетуге; 

кенішті (шахтаны, ұңғыманы, карьерді және басқаларын), техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерін (олар болған кезде) жабуға; 

зиянды заттар мен материалдарды (олар болған кезде) көмуге; 

бүлінген жерді рекультивациялауға; 

өзендердің, жылғалардың және су ағындарының (олар болған кезде) арналарын қалпына келтіруге; 

жерүсті және жерасты суларының, ауаның сапасын, топырақтың және өсімдіктердің жай-күйін мониторингтеуге арналған шығыстар кіруге тиіс.  

4. Өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның келісімімен қамтамасыз ету сомасы жер қойнауы учаскесінде орындалған және осы Кодекстің 218-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары бөлігінің құнына мөлшерлес азайтылуы мүмкін. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етуді берген тұлғаны қамтамасыз ету сомасын азайту туралы жер қойнауын пайдаланушыдан өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.  

Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін қамтамасыз ету сомасын азайтуға, егер осындай азайту нәтижесінде қалған қамтамасыз ету сомасы жою жөніндегі жұмыстар жобасының сметасында көзделген, жою бойынша аяқталмаған жұмыстарға арналған шығыстарды жаба алмайтын болса, тыйым салынады.  

5. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес салдарын жою қамтамасыз етілмеген пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға тыйым салынады. 

Ескерту. 219-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...217 218 219 220 221 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться