Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 260 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
260-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі жекелеген операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және қамтамасыз ету ерекшеліктері

1. Тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері орналастырылатын объектілерді орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою осы баптың 3-тармағында көзделген жою жоспарының негізінде әзірленген жою жөніндегі жұмыстар жобасына сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыру және пайдалану бойынша қызметтің салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді және бекітуді лицензия мерзімі өткенге дейін екі жыл бұрын қамтамасыз етуге міндетті.  

Егер жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның қолданылуы өзге негіздер бойынша тоқтатылса, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді және бекітуді лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.  

3. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану салдарын жою жоспары лицензия қайтарылып алынған жағдайда жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесін қауіпсіз жай-күйде ұстап тұру жөніндегі, тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері орналастырылатын объектілерді жою жөніндегі іс-шаралардың сипаттамасын, сондай-ақ осындай жою жұмыстары құнының болжалды есебін қамтитын құжат болып табылады.  

4. Жою жоспары қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар тұлғаны тарту арқылы жасалады және оны жер қойнауын пайдаланушы бекітеді. Жою жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына, ал ол жүргізілгеннен кейін – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. 

5. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі жұмыстардың құнын есептеуге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындыларын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей өзгерістер енгізуге міндетті. 

6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жою жоспарында салдарын жою көзделмеген тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыруға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады. 

7. Тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері сақталатын және көмілетін объектілерді орналастыру үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою жоспары және жою жөніндегі жұмыстардың құнының болжалды есебі осы Кодекстің 217-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен жасалады.  

8. Жер қойнауын пайдаланушы тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға осындай операциялар салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді берген жағдайда кірісуге құқылы.  

9. Жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай шарттар сақтала отырып, осы Кодексте көзделген кез келген түрде берілуі мүмкін: жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның үштен бір мерзімі ішінде – екінші деңгейдегі банк кепілдігі немесе банктік салым кепілі түрінде қамтамасыз ету жалпы қамтамасыз ету сомасының кемінде қырық пайызын, үштен екі мерзімі ішінде – кемінде алпыс пайызын және қалған кезеңде жүз пайызын құрауға тиіс.  

10. Қамтамасыз ету сомасы жүргізілген операциялардың және жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындылары алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың жалпы есептік құнын жабуға тиіс. 

Көрсетілген жұмыстар құнына әкімшілік және басқарушылық шығыстар, сондай-ақ: 

технологиялық жабдықты, ғимараттарды және құрылысжайларды демонтаждауға және әкетуге; 

техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерін (сақтау қоймаларын, үйінділерді және басқа да орналастыру орындарын) жабуға; 

қауіпті материалдарды көму жөніндегі; 

бүлінген жерді рекультивациялауға; 

өзендердің, жылғалардың және су ағындарының арналарын қалпына келтіру жөніндегі; 

жерүсті және жерасты суларының, ауаның сапасын, топырақтың және өсімдіктердің жай-күйін мониторингтеуге арналған шығыстар кіруге тиіс. 

11. Жойылуы осы Кодекстің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген, тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері орналастырылатын объектілерді орналастыруға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады. 

Ескерту. 260-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...258 259 260 261 262 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться