Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 277 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
277-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс: 

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 278-баптың 4-тармағының үшінші бөлігін; 

2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 144-баптың 5 және 6-тармақтарын; 

2-1) 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 98-баптың тақырыбын, 94-баптың 3-тармағын, 95-баптың 5 және 6-тармақтарын, 98-баптың тақырыбын, 1, 2, 5 және 6-тармақтарын, 99-бапты; 

3) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 153-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

2. Осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.  

3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар, лицензиялар және келісімшарттар бойынша қатынастарға осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап: 

1-тарауда; 

осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша кен орындарын ірі кен орындары санатына жатқызған кезде, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік пайдалы қазбалар балансына енгізілген қорлар саны ескерілетінін ескере отырып, 2-тарауда; 

17-баптың 3-тармағын, 19-баптың 2 және 3-тармақтарын, 20-баптың 1-тармағын, 22-бапты, 24-бапты, 25-бапты, 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, 3-тарауда; 

38-бапта; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруді және осындай жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді көрсетілген жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын ескере отырып, 5-тарауда; 

6-тарауда; 

7-тарауда; 

54-бапта, 55-баптың 1, 2, 3, 5 және 6-тармақтарында (осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған (берілген) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттарға, лицензияларға және келісімшарттарға қатысты); 

9-тарауда; 

10-тарауда; 

77-бапты қоспағанда, 11-тарауда; 

80-баптың 1-тармағының күші, уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттарға қолданылмайтынын ескере отырып, 12-тарауда; 

13-тарауда; 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімдерді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қатысты 106-баптың 2-тармағын қоспағанда, 15-тараудың 3-параграфында; 

113 және 114-баптарда; 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қатынастарды қоспағанда, 120-бапта көзделген тиісті қатынастарды реттейтін оның ережелері қолданылады. Аталған келісімдердің (келісімшарттардың) және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімі тараптардың уағдаластығы бойынша қосымша ұзартылуы мүмкін; 

121 – 125-баптарда; 

мыналарды: 

осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар мен лицензиялар бойынша, сондай-ақ жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатынастарға осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай өткеннен кейін мынадай редакцияда қолданылатын 6-тармағын:  

"6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен іс жүзінде қалыптастырған, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның рұқсатымен пайдаланатын тарату қоры қамтамасыз етеді. 

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органның рұқсатымен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі қамтамасыз етудің тарату қоры түрінде қалыптастырылған барлық сомасын тарату қорының қаражатын тиісті кепілді қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымға аудару жолымен банктік салымның кепіліне ауыстыруға құқылы. 

Қалыптастырылған тарату қоры болмаған немесе көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жұмыстарының нарықтық құнының сомасы нақты қалыптастырылған тарату қоры қаражатының сомасынан асып кеткен жағдайда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені жетіспейтін бөлігінде орындауды осы баптың 7 немесе 8-тармақтарына сәйкес қалыптастырылатын банктік салым кепілімен және (немесе) осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою аяқталғанға дейінгі мерзімге берілетін толық, шартсыз және қайтарылмайтын кепілдікпен: 

1) дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты – ұлттық басқарушы холдинг, көмірсутектер саласындағы ұлттық компания, көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның еншілес ұйымдары және (немесе) көмірсутектер саласындағы ұлттық компания серіктестері немесе жер қойнауын пайдаланушылардың акциялар пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленуші оның еншілес ұйымдары қамтамасыз етеді. 

Ұлттық басқарушы холдингті, көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияны қоспағанда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берушілердің Standard and Poor’s шкаласы бойынша "ВВ-" деңгейінен немесе Moody’s, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шкалалары бойынша ұқсас деңгейден төмен емес шетелдік валютада жыл сайын расталатын ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі болуы тиіс;  

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты – Standard and Poor’s шкаласы бойынша "ВВ-" деңгейінен немесе Moody’s, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шкалалары бойынша ұқсас деңгейден төмен емес шетелдік валютада жыл сайын расталатын ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар өзге ұйым қамтамасыз етеді; 

Осы тармаққа сәйкес талап етілетін деңгейде және мерзімдерде кепілдік берушінің кредиттік рейтингісі расталмаған, кепілдік берушінің кредиттік рейтингі осы тармаққа сәйкес жол берілетін ең төмен деңгейден төмендеген немесе кепіл беруші осы тармақта көрсетілген кредиттік рейтингін жоғалтқан жағдайда, осы кепіл беруші кепілдік берген жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жыл ішінде осы бапқа сәйкес осындай қамтамасыз етуді айырбастауға не осы тармақта көзделген қамтамасыз ету қалпына келтірілгенге дейін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға міндетті. 

Осы тармаққа сәйкес берілетін кепілдіктің мазмұны мен шарттарына, сондай-ақ осындай кепілдікке байланысты туындайтын қатынастарға қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады. Осы бөліктің ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген кепілдіктерге қатысты қолданылмайды."; 

осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар, лицензиялар мен келісімшарттар бойынша қатынастарға осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай өткен соң қолданылатын 7 және 8-тармақтарын қоспағанда, 126-бапта;  

127, 128-баптарда; 

130-бапта (иеліктен шығарылатын сұйытылған мұнай газын және (немесе) жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын сатып алуға мемлекеттің басым құқығы туралы ережелер белгіленген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қатысты 2 және 3-тармақтарды қоспағанда), 131-бапта (осы Кодекстің 278-бабының 30-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), 132, 133-баптарда; 

143-бапты қоспағанда, бекітілген жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда 19-тарауда; 

144 – 152-баптарда; 

153-бапты қоспағанда, 21-тарауда;  

22-тараудың 2-параграфында; 

173, 174-баптарда, 176-баптың 7 және 8-тармақтарында, 178 – 181-баптарда; 

182-баптың 7-тармағында; 

194-баптың 2, 3 және 6-тармақтарында, 3-тармақтың екінші және үшінші бөліктерін қоспағанда, 195-бапта және 197-бапта; 

213-бапта, 1-тармақты қоспағанда 214-бапта, 3-тармақтың екінші және үшінші бөліктерін қоспағанда, 215-бапта және 218-бапта; 

236-бапта; 

258, 259-баптарда, 260-баптың 1 – 6-тармақтарында көзделген тиісті қатынастарды реттейтін оның ережелері қолданылады деп белгіленсін. 

3-1. Осы Кодекстің пайдалы қатты қазбаларды және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлігінде 25-бабы 2-тармағының, 186-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының, 203-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. 

3-2. Жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарт бойынша өндіру жүзеге асырылған көмірсутектердің ірі кен орындарына қатысты осы Кодекстің 28-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің, 2-тармағы үшінші бөлігінің, 36-бабының 1-1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының, 1-2 және 2-1-тармақтарының, 4-тармағы екінші және төртінші бөліктерінің, 5-1-тармағының, 78-бабы 2-тармағының, 95-бабы 2-1-тармағының, 116-бабы 2 – 8, 11-тармақтарының, 119-бабы 1-1-тармағының, 7-тармағы екінші бөлігінің, 8-тармағы үшінші бөлігінің, 18-1 – 18-4-тармақтарының, 121-бабының 16-тармағы үшінші бөлігінің, 123-бабы 15-тармағының, 126-бабы 6-1 – 6-4-тармақтарының, 7-тармағы үшінші бөлігінің, 130-бабының 1-тармағы үшінші бөлігінің, 131-бабы 8-тармағының ережелері қолданылмайды деп белгіленсін. 

4. Осы Кодекстің 99-бабы 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"99-бап. Аукцион өткізу 

1. Егер осы Кодекстің 95-бабында көрсетілген мерзімдерде аукционға қатысуға бірде-бір өтініш берілмеген және (немесе) егер өтініштерді қарау қорытындылары бойынша аукционға қатысуға бірде-бір өтініш иесі (аукцион өткізуге өтініш берген тұлғадан басқа) жіберілмеген жағдайларда, аукциондар өткізу жөніндегі комиссия аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап не аукционға қатысуға өтініштерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционды өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда аукцион өткізуге өтініш берген тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген кезде аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасу үшін осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен осындай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады. 

Аукционды өткізбеу туралы ақпарат комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында жариялануға тиіс. 

2. Аукционға қатысуға жіберілген және аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш иелері аукционға қатысады. 

3. Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген күнге сәйкес күні өткізіледі. 

4. Құзыретті орган аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын, аукционға қатысуға жіберілген өтініш иелеріне аукционның өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды. 

5. Аукционға қатысуға жіберілген өтініш иелерінің өкілдерін тіркеу аукцион өткізу басталардан бір сағат бұрын басталады және бес минут бұрын аяқталады. 

6. Аукционның тіркелген қатысушылары өткізілетін аукционның аудио- және бейнетіркеуін жүргізуге құқылы. 

7. Аукцион аукционға қатысушылардың аукцион қадамына аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен бастап, қол қою бонусы мөлшерінің шамасы бойынша өз ұсыныстарын жариялауы арқылы ашық нысанда өткізіледі. 

Аукцион қадамының шамасы қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бестен елуге дейінгі пайызын құрайды. 

8. Аукционды тікелей өткізу комиссия тартатын не комиссия құрамынан сайланған аукционшыға тапсырылуы мүмкін. 

9. Аукционға қатысушыларға тіркеу нөмірлері бар тақтайшалар беріледі, егер олар қол қою бонусы мөлшерінің кезекті шамасы жарияланғаннан кейін сол соманы мәлімдеуге дайын болса, олар тақтайшаларды көтереді. 

10. Аукцион аукционға қатысушылардың санын, жер қойнауы учаскесі, оның негізгі сипаттамалары туралы мәліметтерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарын, аукцион өткізу тәртібін, қол қою бонусының бастапқы мөлшерін және аукцион қадамын жариялаудан басталады. 

11. Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысушылар қол қою бонусының мөлшері туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион қадамының шамасына арттыруды көздейтін қол қою бонусының мөлшері туралы ұсыныстар береді. 

12. Аукционшы қол қою бонусы мөлшерінің аукцион қадамының шамасына ұлғайтылған оның бастапқы мөлшеріне тең алғашқы мәнін жариялайды. 

13. Егер қол қою бонусы мөлшерінің алғашқы мәні жарияланғаннан және сол мән үш рет қайталанғаннан кейін аукционға қатысушылардың ешқайсысы өзінің тіркеу нөмірі бар тақтайшасын көтермесе, аукцион тоқтатылады және өтпеді деп танылады. 

14. Ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукционға қатысушы аукцион қадамының шамасына қарамастан, қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен жоғары қол қою бонусының мөлшері туралы ұсыныс беруге құқылы. 

15. Бір тақтайша көтерілген жағдайда, аукционшы өз тақтайшасын көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайша көтерілген жағдайда, аукционшы өз тақтайшасын бірінші болып көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. 

16. Аукцион қадамдарының өту ведомосына аукционшы атаған аукционға қатысушының нөмірі ғана енгізіледі. 

17. Қол қою бонусы мөлшерінің әрбір кейінгі мәнін аукционшы ағымдағы мәнді аукцион қадамының шамасына ұлғайту арқылы белгілейді. 

5. Осы Кодекстің 140-бабының 5 және 6-тармақтары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"5. Орталық комиссия базалық жобалау құжатын немесе әзірлеуді талдауды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды тәуелсіз сараптама жүргізу үшін өзі айқындайтын сарапшыға (сарапшыларға) жібереді.". 

5-1. Осы Кодекстің 64-бабының 16-1) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін. 

6. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін: 

осы Кодекстің 141-бабының 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"3. Геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есеп жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жасалады.  

4. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутек қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия) геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімдері бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.  

5. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс-қағаздарын жүргізу жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде айқындалады.";  

7. Осы Кодекстің 186-бабы 2-тармағының, 203-бабы 2-тармағының және 250-бабы 2-тармағының ережелерін қолдану мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензияны беру кезінде: 

1) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ теңестіріледі; 

2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі (барлау учаскесінің аумағын) операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағына пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа геологиялық теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ теңестіріледі;  

3) пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі (өндіру учаскесінің аумағы) операцияларды жүргізу немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағына пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа немесе тиісінше, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт немесе барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ теңестіріледі деп белгіленсін. 

8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, оның 249-бабында көрсетілген мақсаттар үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатынастарға 2019 жылғы 1 шілдеден бастап осы Кодекстің 258-бабында көзделген ережелер қолданылады деп белгіленсін. 

9. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге пайдаланудағы орналастыру объектілерінде жинап қойылған және пайдаланудағы жер қойнауы учаскесінің шегінен тыс жерде орналасқан тау-кен байыту және металлургия өндірісі қызметінің нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдер көрсетілген өндірістерге тиесілі болып табылады. Осындай техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес осы техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру полигоны (полигонның бір бөлігі) жабылатын күнге дейін өндірістердің меншік иесінде болады. 

10. Тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін, оның ішінде аумақтық шекараларын өзгерте отырып оларды реконструкциялау кезінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру және (немесе) пайдалану объектілеріне осы Кодекстің 249-бабында көрсетілген мақсаттар үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны алу туралы талап, сондай-ақ осы Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеулер қолданылмайды деп белгіленсін. 

11. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің, осы Кодекстің 201-бабының 1, 4 және 6-тармақтарына, 3-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, 204-бабына сәйкес өтініш беру арқылы келісімшарттық аумақ шегінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға айрықша құқығы бар.  

Өтініш иесіне осы тармаққа сәйкес берілген өтініш бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартуға осы Кодекстің 207-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында және 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жол беріледі.  

Құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартқан жағдайда өтініш иесі пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды жүзеге асыруға міндетті.  

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің, осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 30-тарауының ережелеріне сәйкес өтініш беру арқылы келісімшарттық аумақ шегінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға айрықша құқығы бар. 

12. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін: 

1) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағындағы және 7-тармағының 2) тармақшасындағы, 119-бабы 10-тармағының 2) тармақшасындағы, 139-бабының 4-тармағындағы, 140-бабы 10-тармағының 6) және 7) тармақшаларындағы және 141-бабындағы "геологиялық қорлар", "геологиялық қорлардың", "геологиялық қорларға" деген сөздер тиісінше "қорлар", "қорлардың", "қорларға" деген сөздермен ауыстырылады; 

2) осы Кодекстің 141-бабындағы "орталық комиссия" деген сөздер "мемлекеттік комиссия" деген сөздермен ауыстырылады деп белгіленсін; 

3) осы Кодекстің 143-бабы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"143-бап. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелеріне жатқызылатын көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының көрсеткіштері 

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының міндеттемесі ретінде жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштерін орындау белгіленеді: 

1) пайдалану ұңғымалары торшасының тығыздығы; 

2) әрбір пайдалану объектісі бойынша өндіру және қысыммен айдау ұңғымаларының арақатынасы; 

3) кенжатындар бойынша өтемақы коэффициенті; 

4) қабаттық және кенжар қысымының қанық қысымға немесе конденсация қысымына қатынасы; 

5) қабаттық қысымның кенжар қысымына қатынасы; 

6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шамасы; 

7) көмірсутектерді өндіру көлемдері; 

8) қабаттық қысымды арттыру үшін жұмыс агентін кері айдау көлемдері; 

9) пайдалану ұңғымаларын іске қосу көрсеткіштері. 

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері келісімшартқа кірмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.". 

13. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін 131-баптың 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктері, 179-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері және 213-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурсқа қатысушылардың – жұмыс беретін және қызметтер көрсететін қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылар, менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, жұмыскерлердің жалпы санының кемінде тоқсан бес пайызына Қазақстан Республикасы азаматтарын тартатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері деп танылады. 

Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік басшылардың, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға тиіс.". 

14. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар) күші жойылды деп танылсын, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және берілген лицензиялар бойынша туындаған, жер қойнауын пайдалану саласындағы тиісті қатынастарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда мыналар: 

1) 2026 жылғы 1 қантарға дейін қолданылатын 1-баптың 29) тармақшасының; 

2) 1-баптың 25), 90) тармақшаларының; 

3) 10-баптың 7-тармағының; 

4) 20-баптың 8), 15), 32-2) тармақшаларының; 

5) 24-баптың; 

6) 30-баптың; 

7) 61-баптың 2-тармағы үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінің, 6-тармағының; 

8) 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 61-баптың 2-1-тармағының және 69-баптың 4-тармағының; 

9) 68-баптың 1-тармағы екінші және үшінші бөліктерінің, 6-тармағының; 

10) 69-баптың 3-тармағының екінші бөлігінің және 4-тармағының; 

11) 70-баптың 2-тармағының; 

12) 72-баптың 2, 3, 3-1, 6, 7, 7-1, 8, 9 және 11-тармақтарының; 

13) көмірсутектер және уран өндіру бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру тәртібі осы Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалатыны ескеріле отырып қолданылатын 76-баптың 1-тармағы 12) тармақшасының; 

13-1) көмірсутектер және уран өндіру бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі осы Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалатыны ескеріле отырып қолданылатын 76-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшасының; 

14) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, 77-баптың 6-тармағының; 

15) 111-баптың 2-тармағының, сондай-ақ мынадай редакцияда қолданылатын 6 және 7-тармақтарының: 

"6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді. 

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданылуы тоқтатылмаған, жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуға тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуға жататын осы аударымдар сомасы жер қойнауын пайдаланушы осындай тарату қорының қаражаты есебінен кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға пайдаланған сомаға азайтылады. 

Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органның, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған келісімшарттар бойынша аталған органдардың рұқсатымен жүзеге асырады. Тарату қорын қалыптастыру тәртiбi, тарату қорына аударымдардың мөлшерi, осындай төлемдердiң кезеңділігі туралы шарттар келiсiмшартта белгiленедi. 

7. Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер жоюға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша жер қойнауын пайдаланушыда қалады."; 

16) 121 және 122-баптардың ережелері қосылмайды. 

Бұл ретте осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға берілген рұқсаттар мен лицензияларға, сондай-ақ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттарға қатысты 111-баптың 6 және 7-тармақтары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай ішінде қолданыста болады. 

Бұл ретте "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 121 және 122-баптарының қолданысы осы Кодекстің 278-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда жалғасады. 

Ескерту. 277-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...275 276 277 278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться