Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 94 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
94-бап. Аукцион өткізуге арналған өтініш

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға құзыретті органға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізуге өтінішті береді, онда мыналар қамтылуға тиіс: 

1) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі; 

2) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер, бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер; 

3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілетін жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары. 

Осы тараудың мақсаттары үшін жеке тұлғаның, мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын және (немесе) өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын, оның ішінде басқа заңды тұлғаның және (немесе) өзге ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иелену арқылы иеленетін заңды тұлғаның және (немесе) ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иеленуі қатысу үлестерін, акцияларды иелену деп танылады. Бұл ретте иелену меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға айырбасталатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, қатысу үлесіне құқықты, акцияларға, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына меншік құқығын білдіреді. 

Осы тармақтың 2-1) тармақшасының өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды. 

2. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 

Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган: 

1) осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабархатты жылына төрт реттен асырмай жариялайды;  

2) егер өтініш беруші өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады. 

Аукцион өткізу туралы хабархат жарияланған жағдайда, аукционға қатысуға арналған өтініштер осы Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкес беріледі. 

Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...92 93 94 95 96 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться