Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 95 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
95-бап. Аукцион өткізу шарттары

1. Әрбір учаске бойынша аукционды құзыретті орган аукцион өткізуге арналған өтініш бойынша өткізеді. 

Аукционды өткізу және оны өткізу шарттары туралы хабархат көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде және құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. 

Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар. 

2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарламада: 

1) оны өткізу күні мен уақыты; 

2) қатысуға өтініштер беру мерзімі; 

3) жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесіне (кен орнына) нұсқау және оның қысқаша сипаттамасы; 

4) жер қойнауы жөніндегі операциялар түрі; 

5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері; 

5-1) кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері; 

6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар, сондай-ақ олардың бағалану құны;  

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген әрбір блок үшін ең төменгі қол қою бонусының мөлшері негізге алына отырып айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшері; 

8) өндіру кезеңіндегі қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығыстар мөлшері; 

9) өндіру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi; 

10) өндіру кезеңіндегі өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері; 

11) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық жөніндегі ең төмен міндеттемелер; 

12) жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскілеріне тіркелген құқықтар туралы ақпарат; 

13) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген талаптарды көрсету;  

14) жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша барлау кезеңінің немесе дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс. 

Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмеуге тиіс. 

2-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу туралы хабархатта осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11), 13) және 14) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, аукционға қатысуға мүдделі тұлғаның аукционға қатысуға арналған өтінішінде осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемені айқындауы туралы талабы да қамтылуға тиіс. 

3. Бұрын жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада:  

1) егер жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға берілген болса:  

осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу шарты; 

осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу шарты;  

сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару процесінде сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу шарты; 

2) осы Кодекстің 119-бабының 19-тармағында көзделген жағдайларда – бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге және бағалауға кеткен шығындарын өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарты;  

3) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының қамтамасыз ету мөлшері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.  

4. Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі айды құрайды. 

5. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабархатты орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құрайды. 

6. Аукционға қатысу жарнасы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және қайтарылуға жатпайды. 

Аукционға қатысу жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы үш жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады. 

7. Кепілдік жарна көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.  

Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол: 

1) көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең соманы; 

2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең соманы құрайды. 

8. Құзыретті орган өтініштерін қабылдаудан осы Кодексте көзделген негіздер бойынша бас тартқан аукционға өтініш берушілердің кепілдік жарнасы оны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.  

Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі. 

9. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы аукцион қорытындылары бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады. 

Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі. 

10. Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды аукцион жеңімпазы орындаған жағдайда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады. 

Аукцион жеңімпазының осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны аукцион жеңімпазынан қол қою бонусын төленгенін растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. 

Аукцион жеңімпазының, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының өтініші бойынша оның кепілдік жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне аударуы мүмкін. 

11. Осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады, сондай-ақ: 

1) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайларда, кепілдік жарна оған қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады; 

2) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайларда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна қайтарылады. 

Ескерту. 95-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...93 94 95 96 97 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться