Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
100-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану



Ст. 100 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.  

2. Мемлекеттiк орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.  

3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.  

4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.  

5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...98 99 100 101 102 ...118 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 100-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477