Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 102-2 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Орман кодексi
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу

1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады. 

2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар. 

3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады. 

4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті. 

5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс. 

Ескерту. 16-тарау 102-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...102 102‑1 102‑2 103 104 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 102-2-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477