Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Орман кодексi

ҚР Орман кодексi
102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану



Ст. 102 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi. 

2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.  

3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. 

Ескерту. 102-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...100 101 102 102-1 102-2 ...118 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 102-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477