Ст. 104 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Орман кодексi
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi: 1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;
2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Добавить комментарий к 104-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477