Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 11 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Орман кодексi
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттiк органдар жүйесi

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...9 10 11 11‑1 12 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477