Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi



Ст. 13 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;

1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды және оны іске асырады;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;

7) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;

9) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;

12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;

14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;

15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

16) алынып тасталды;

 17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді;

18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

18-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

18-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

18-3) орман орналастыру жобаларын бекітеді;

18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және рұқсаттар береді;

18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;

18-6) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;

18-7) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

18-9) білім беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімі бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-10) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

18-11) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;

18-14) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;

18-15) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алып қою көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-19) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;

18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді және бекiтедi;

18-24) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

18-25) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

18-26) отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

18-27) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді;

18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-32) орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

18-39) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;

18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

18-41) Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-42) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;

18-43) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;

18-44) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер):

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға және оны іске асыруға қатысады;

2) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;

4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) облыстың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері жөніндегі есебін қарайды;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi және тоқтатады;

7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

8) алып тасталды;

9) мыналарға:

орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;

ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарларын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына;

ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;

кеспеағаштардың бөлінуіне;

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуіне;

орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;

құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

10) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тендерлердің материалдарына және шарттардың талаптарына тексеруді жүзеге асырады және уәкілетті органға қорытынды ұсынады.

12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...11-1 12 13 14 15 ...118 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477