Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері



Ст. 21 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының:

1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқау беру;

2) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

3-1) осы Кодексті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

3-2) мынадай:

Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;

сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығару;

3-3) тексеру нәтижелері туралы акт жасау;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;

6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін бұзушылықтар туралы хабарлау;

7) заңсыз қолға түсірілген орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қою, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары:

1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;

1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;

2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;

3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;

4) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;

5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беруді;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын;

7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуінің, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзілуін;

8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;

9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;

10) Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киіммен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

Айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім үлгілерін киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 21-1 22 ...118 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477